«Жануарлардың таңғажайып әлемі» балалар экспозициясы
Қазақстан Республикасы Президент орталығында ең кішкентай келушілер үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің дипломатиялық сыйлықтарының коллекциясы негізінде жасалған «Жануарлардың таңғажайып әлемі» балалар экспозициясы жұмыс істейді. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларында бейнеленген жануарлар бейнелері әр елдің мәдени дәстүрлерінің көрінісі ғана емес, мемлекеттер арасындағы достықтың, құрметтің және ізгі қарым-қатынастың нышаны да болып табылады.
Экспозиция ең алдымен балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған. Қазақстан мен басқа елдердің жануарлар бейнелерімен танысу арқылы балалар ғаламшардың табиғи алуандығы, жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, адамның қоршаған ортамен өзара байланысы, сондай-ақ олардың әлем халықтарының мәдениетіндегі нышандық мәні туралы түсініктерін кеңейтеді.
Өтінімді толтырмас бұрын экскурсияларды ұйымдастыру шарттарымен және Қазақстан Республикасы Президент орталығына келу ережесімен танысыңыз
«Жануарлардың таңғажайып әлемі» экспозициясы бойынша экскурсияларды ұйымдастыру шарттары
«Жануарлардың таңғажайып әлемі» экспозициясы сәрсенбі және жұма күндері ашық.
Экспозиция бойынша экскурсиялар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Экскурсиялар тегін өткізіледі және 10–15 адамнан тұратын топтар үшін ұйымдастырылады.
Экскурсияға қатысушылардың саны өтінімде көрсетілген мәліметке сәйкес болуы тиіс.
Экскурсия ұзақтығы – 30 минут.
Экскурсияға өтінімді жоспарланған келу уақытына дейін кемінде 24 сағат бұрын беру ұсынылады.
Өтінімді рәсімдеу үшін өтініш берушінің байланыс деректерін ұсыну қажет. Ұсынылған деректер өтінімді өңдеу және экскурсияны ұйымдастыру мәселелері бойынша байланысу үшін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Президент орталығына келу ережесі
Келушілер міндетті
жеке тексеру рәсімінен өтуге;
Қауіпсіздік қызметінің сұрауы бойынша белгіленген жағдайларда жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
кіреберіс аймағында велосипедтерді, роликтерді, самокаттарды, скейтбордтарды және өзге де жүру құралдарын қалдыруға. Балалар арбасымен кіруге рұқсат етіледі. Арбадағы баланың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті ілесіп жүрген адам көтереді;
киім ілгішке сырт киімді, ірі габаритті сөмкелерді (рюкзактар, чемодандар), пакеттерді, қолшатырларды, сусындарды, азық-түлікті және пайдалануы экспонаттар мен жабдыққа зақым келтіруі мүмкін көлемді заттарды тапсыруға;
экскурсия өткізілетін кезде залдарда тыныштық сақтауға;
экспонаттар мен витриналарды ұстамауға және оларға сүйенбеуге;
экспонаттар орналасқан алаңдардың шектегіштерінен аспауға;
жас балаларды қараусыз қалдырмауға;
белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға.
Келуші экспонатқа немесе жабдыққа зақым келтірген жағдайда ақаулық акті жасалады. Келуші өз кінәсінен келтірілген залал үшін материалдық жауапкершілік көтереді.
Келушілердің құқығы бар
экспозиция аймақтарында орналастырылған ақпараттық ресурстарды еркін қарауға;
ұялы құрылғыларға фотоға түсіруге (жарқылсыз);
пікірлер мен ұсыныстар кітабына жазба қалдыруға;
мекеме көрсететін қызмет түрлері туралы қосымша ақпарат сұратуға.
Президент орталығының ғимараты мен экспозиция алаңдарының аумағында тыйым салынады
темекі, соның ішінде электрондық темекі шегуге;
қоқыс тастауға;
алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болуға;
спирттік ішімдіктер алып өтуге;
атыс және суық қаруды, шаншитын және кесетін заттарды алып өтуге;
жарылыс қаупі бар, өрт қаупі бар және тез тұтанатын заттарды, улағыш және күйдіргіш заттарды алып өтуге;
экспозиция аймақтарында тамақтануға және сусын ішуге;
жануарлармен өтуге;
баспа жарнама өнімдерін жапсыруға және таратуға;
экскурсоводтың сөзін бөлуге және экскурсия өткізуге кедергі келтіруге;
қатты сөйлеуге және айқайлауға;
алдын ала келісімсіз арнайы жабдықты пайдаланып кәсіби фото және бейнетүсірілім жүргізуге;
алдын ала келісімсіз нысан аумағына көлік құралдарымен кіруге;
ғимараттың қызметтік аймақтарына өтуге.
Қызмет көрсетуден мына жағдайларда бас тартылуы мүмкін
егер қызмет көрсетуге арналған сұрау (өтінім) мекеменің бейініне, қолда бар экспозициялар мен көрмелер тізбесіне сәйкес келмесе;
егер қызмет көрсетуге сұрау мекеменің жұмыс кестесіне қайшы келсе (келуге жабық күндер мен сағаттарда);
мекемедегі мінез-құлық ережелері бұзылған кезде;
алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйдегі келушілерге;
ересектердің ілесуінсіз 7 жасқа дейінгі балаларға;
мекемеде реставрациялық, қайта экспозициялау немесе жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайларда;
төтенше немесе күтпеген жағдайларда (электр энергиясының, сумен жабдықтаудың өшірілуі, өрт қаупінің туындауы, эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі, санитариялық-дезинфекциялық режимнің енгізілуі және т.б.).
Осы Ережені бұзу, сондай-ақ Президент орталығының мүлкіне зиян келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін.
Өтінім Ережемен келісу расталғаннан кейін ғана қабылданады.
Топ санатын таңдаңыз
Келушілер саны
Барлығы:0келуші
Экскурсиялар 10 адамнан бастап топтар үшін ұйымдастырылады.
⚠ Келушілердің рұқсат етілген саны асып кетті
Бір топта 25 адамнан артық болмауы тиіс. Келесі қадамға өту үшін келушілер санын азайтыңыз.
—
ДсСсСәБсЖмСбЖс
Жұмыс күніДемалысБүгін
Сәрсенбі және жұмаЭкспозиция жабықБүгін
Күні таңдалмады
Түске дейін
Түстен кейін
Топта ерекше қажеттіліктері бар адамдардың болуы
Өтінім сәтті қабылданды!
Өтінім нөмірі: —
Мұражай қызметкерлерінен кері байланысты күтіңіз!
Күні
—
Уақыты
—
Экскурсия тілі
—
Келушілер саны
—
Балалар экспозициясы
Жануарлардың таңғажайып әлемі
1 / 1
Бүркіт (тұлып)
Бүркіт — аспанның аңызға айналған әміршісі және қазақтың ұлттық бірегейлігінің басты нышаны. Мыңдаған жылдар бойы бұл тәкаппар құс Ұлы дала тұрғындары үшін еркіндіктің, рухани күштің және қайсарлықтың бейнесі болды.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде бүркіт киелі орын алады. Ол аңшының сенімді серігі ретінде «Жеті қазына» ұғымына кіреді. Бүркіт асқақ рухты, еркіндікті, тәуелсіздікті және жоғары күштердің қамқорлығын бейнелейді.
Оның бейнесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында күннің астында орналасып, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, қуатын және ашықтығын білдіреді.