Атыс қаруы: Тапаншалар тарихы
Басылымда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының музей қорындағы қару-жарақ пен әскери жабдықтар коллекциясына кіретін тапаншалар мен револьверлерді зерттеу нәтижелері ұсынылған.
Каталогта коллекциялық қарудың 29 үлгісі сипатталған. Музей заттары туралы анықтамалар мен қысқаша деректер: түсім кітабындағы нөмірі, атауы, калибрі, материалы мен жасалу техникасы және жылы берілген. Әрбір музей затының сипаттамасына түрлі түсті фотосурет қоса берілген.
Музей коллекциясының каталогы қалың оқырманға арналған. Басылымдағы мәліметтерді музей қызметкерлері күнделікті жұмыста, сондай-ақ атыс қаруының тарихына қызығатын оқырмандар пайдалана алады.
PDF · 25.3 КБ
ҚАРАУ