Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
ЖИ-ассистент
ҚАЗ
Жеке кабинет

Қазақстанның тарихи карталар галереясы

Қазақстан Республикасы Президент орталығының Қазақстанның тарихи карталар галереясы — ұлттық мемлекеттілік тарихы түпнұсқа картографиялық дереккөздер арқылы ашылатын ерекше кеңістік.

Ұлыбритания, Нидерланд, Бельгия, Аустрия, Түркия, Ресей және басқа да елдердің мұрағаттарынан, кітапханалары мен музей жинақтарынан алынған X–XX ғасырлардың 50-ден астам бірегей картасы қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық тарихын және оның аумақтық дамуының сабақтастығын байқауға мүмкіндік береді. Әр дәуірдің карталарында қазақ халқының тарихына байланысты жерлер, қалалар, көшпелі және отырықшы орталықтар, мемлекеттік құрылымдар мен географиялық атаулар бейнеленген. Дереккөздердің осы алуандығынан ең бастысын көру аса маңызды: Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы қалыптасып, дамып, тарихи құжаттарда өз ізін қалдырған терең дәстүрлерге ие.

Галереяның көркі — XVI ғасырда Англия патшайымы I Елизавета сарайындағы қазақ ақсүйектерінің, жалпы түркі әлемінің алғашқы өкілі Ару Сұлтанның портреті. Оның есімі мен тарихи рөлін картографиялық және тарихи дереккөздерді зерттеу барысында қалпына келтіру мүмкін болды. Портрет Қазақстанның халықаралық байланыстарының тарихына және оның өкілдерінің XVI ғасырдағы Еуропаның саяси және мәдени кеңістігіндегі орнына жаңаша қарауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның тарихи карталар галереясы — тарихи жады мен елдің мемлекеттік мұрасына құрмет кеңістігі. Көне картографиялық дереккөздерге жүгіну қазақстандық мемлекеттіліктің сабақтастығын, тарихи жадының құндылығын және ел мұрасын сақтау мен дамыту жолындағы қазіргі ұрпақтың жауапкершілігін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Галерея Қазақстандағы азаматтарға ашық қолжетімді осы тектес алғашқы тұрақты нысан және елдегі тарихи картографияның ең ірі экспозицияларының бірі болды.

Бейнешолу

Галереяның жұмыс кестесі

—
ДсСсСәБсЖмСбЖс
Жұмыс күні Демалыс Бүгін
Жұмыс уақыты
10:00 — 18:00 кіру 17:15-ке дейін
Кіру тегін

Экскурсияға өтінім

Өтінім беру →